27.10.2025
  283


Автор: Назерке Батырханова

Естелік иісі

Демалыс күні. Үй іші тыныш. Аңсар бөлмесіне кіріп алып, күні бойы ұялы телефонынан бас көтерер емес. Біресе бейне қарап, біресе ойын ойнайды. Әкесі есік алдында үнсіз қарап тұр. Баласының бейқам жатқанын көріп, өз балалық шағы еріксіз есіне түсті.


 


Сол кезде бәрі басқаша еді... Күн шығысымен далаға шығып, достарымен асық ойнап, өзенге барып шомылып, кешке дейін жүгіріп жүретін. Күн батып, анасы «болды, үйге кір!» дегенше, ойынның қызығына батып, уақыттың қалай өткенін байқамайтын.


 


Ал қазір... балалардың күлкісі аулада емес, телефон экранында.


 


Әкесі терең күрсінді.


— Эх, біздің балалық шағымыз басқа еді ғой... — деді іштей.


 


Сол сәтте ол бөлмеге кіріп, баласының жанына жайғасып отырды.


— Аңсар, — деді ол күлімсіреп, — мен саған өз балалық шағым туралы айтып берейін бе?


 


Аңсар телефонын қолынан түсіріп, қызығушылықпен әкесіне қарады. Солайша екеуінің арасында әңгіме өрбіді. Телефон ұмытылды, ал әке мен бала арасындағы жылы байланыс қайта орнады.


Батырханова Назерке Ертайқызы 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу