18.03.2021
  182


Алтауы ала қасқыр, алтауы қара қасқыр,
Біріккен он екісі қара басқыр,
Жиылып бір тырнаны бәрі жеген,
Көрейік сол тырнаны жақындастыр,
Бір сирағы тырнаның ой,жамағат,
Үйге тіреу болғандай алты қанат,
Сол үйдің үлкендігі сондай екен,
Артылар алты нарға қаттап қабат,
Ол нарды кіші десең, ей, жарандар,
Бір үлкен бәйтеректің басын шалады,
Бітіпті сол бәйтерек құба жонға,
Түбінен ерте ұшқан бір тұрымтай,
Басына кешке қонар әрең зорға.
Демеңіз күнді қысқа тағы нашар.
Семіз бар таңдағанға көңіл ашар
Әреңмен кешке барып бұзаулайды,
Болғанда таң мезгілі қашқан қашар.

Жауабы: Алты ала қасқыр - алты ай қыс, алты қара қасқыр - алты ай жаз, бір тырна - бір жыл, бір сирағы - жарты жыл, алты нары -алты ай, бір нары - 30 күн, бәйтерек - бір ай, тұрымтай - туған ай, қашар - шыққан күн



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу