Өлеңдер ✍️

  09.10.2025
  634


Автор: Ақтамберді жырау

Балаларыма өсиет

Қылмаңыздар кепиет,


Бірлігіңнен айрылма,


Бірлікте бар қасиет.


Татулық болар береке,


Қылмасын жұрт келеке,


Араз болсаң алты ауыз


Еліңе кірген əреке.


Талпынып салдым егінді,


Ішсін деп əркім тегінді,


Ақылың барың ұғарсың,


Ойың болса сезімді.


Тоқсанға жас келген соң,


Өлім жақын көрінді.


Бар арманым айтайын,


Батырларша жорықта


Өлмедім оқтан, қайтейін!


Ел аман болсын ылайым,


Тілегім берді бəрін де,


Ризамын, Құдайым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу