Өлеңдер ✍️

  05.07.2025
  829


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Арқаның ару қызы

Бір кездері, улап-шулап жүрген ек,


Үлкендерге басымызды иген ек.


Биік еді сол күндердің аспаны,


Өте шықты, шіркін дәурен, қасқағым.


 


 Қыздары да сұлу еді,


Қыпша белді, тал шыбықтай.


Жан бар ма еді теңескен,


Жайдар мінез, гүлімінен,


Жүздерінен нұр төгілген,


Пәк сезімнің лебі ескен.


 


Көркем мінез, обасында жаратқан.


Ибалылық, бір өзіне жарасқан.


Ойын терең, мұңайғанды жұбатқан,


Арқаның ару қызы, талай жігіт ұнатқан.


 


Қыздары да сұлу еді,


Қыпша белді, тал шыбықтай.


Жан бар ма еді теңескен,


Жайдар мінез, гүлімінен,


Жүздерінен нұр төгілген,


Пәк сезімнің лебі ескен.


 


Нәзік дауысын тұрғандай ән, жыр бөлеп,


Өзін шерткен есімде әр кез, сыр бөлек.


Жылы шырай танытасын қашанда,


Әр қазаққа дархандығын бір бөлек.


 


Қыздары да сұлу еді,


Қыпша белді, тал шыбықтай.


Жан бар ма еді теңескен,


Жайдар мінез, гүлімінен, 2-рет


Жүздерінен нұр төгілген,


Пәк сезімнің лебі ескен.


 Сөзі: Әліпов Айтбек Рымбекұлы,


 шілде 2025ж. Астана қ.


 


 





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу