04.07.2025
  1076


Адамдарға ұнау міндет емес

Мен бұрын “бәріне ұнау керек” деген оймен өмір сүретінмін. Біреу мені жақтырмай қалса, себеп іздеп, өзімді кінәлап кететінмін. Бірақ уақыт өте келе түсіндім – барлығына ұнау мүмкін емес, әрі ол міндет те емес.


Біз бәріміз әртүрліміз. Біреуге сенің күлкің ұнайды, біреуге – даусың, ал біреуге тіпті түрің ұнамауы мүмкін. Бұл қалыпты. Әр адамның талғамы мен көзқарасы бар. Егер сен бәріне бірдей ұнауға тырыссаң – өзіңді жоғалтасың. Себебі ол кезде өзің үшін емес, басқалар үшін өмір сүріп кетесің.


Психологияда мұны “адамға тәуелді болу” дейді. Бұл – сен өзіңнің құныңды басқа біреудің бағасына қарап өлшейтін жағдай. Мысалы, біреу “сен қызық емессің” десе, соған сеніп қалу. Ал шын мәнінде, сен сол адамның ғана емес, өзіңнің де пікіріңді тыңдауың керек қой.


Қазір мен өзімді қабылдауды үйреніп жүрмін. Әрине, мен де адамдардың көңіліне қарағым келеді. Бірақ бұл – енді менің басты мақсатым емес. Ең бастысы – өзіме адал болу. Егер мен өз ойымды ашық айта алсам, өзіме ұнайтын нәрсені жасай алсам – сол мен үшін бақыт.


Адамдарға ұнамау – қате емес. Бұл – еркіндік. Сен өз болмысыңмен өмір сүре алғанда ғана нағыз сенім пайда болады. Қандай болсаң да – сенің құның бар. Біреу жақтырмай ма? Жақсы. Басқасы жақсы көреді. Ең бастысы – өзің өзіңді жоғалтпа.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу