Әңгімелер ✍️
Жасанды интеллект
Қазіргі заманда технология қарқынды дамып келеді. Соның ішінде ерекше назар аудартып отырғаны — жасанды интеллект.Бұл – адамның ойлау қабілетін белгілі бір дәрежеде қайталай алатын, өзі үйреніп, шешім қабылдайтын компьютерлік жүйе.
Бүгінде жасанды интеллектті күнделікті өмірде жиі кездестіруге болады. Мысалы, біз онлайн аударма қызметтерін пайдаланғанда, дауыс арқылы тапсырма беретін Siri немесе Google көмекшілерін қолданғанда, тіпті әлеуметтік желілердегі ұсынылатын жазбалар да жасанды интелекттің көмегімен іріктеледі.
Жасанды интеллекттің қоғамға тигізер пайдасы мол. Ол адамның жұмысын жеңілдетеді, уақыт үнемдейді, күрделі есептерді тез шығарады. Медицина саласында жасанды интеллект ауруларды ерте анықтауға көмектесіп жатыр, ал білім беру саласында оқушыларға жеке тәсіл ұсына алады.
Дегенмен, бұл технологиямен бірге кейбір қауіптер де пайда болуда. Мысалы, көптеген жұмыс орындары автоматтандырылып жатыр. Бұл кейбір адамдардың жұмыссыз қалуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, адамдардың жеке мәліметтері қалай қорғалатыны да үлкен мәселе.
Қорытындылай келе, жасанды интеллект – адамзат үшін үлкен мүмкіндік, бірақ оны дұрыс әрі жауапкершілікпен қолдану маңызды. Бұл технологияны бақылаумен дамытсақ, қоғам өмірін жақсартуға үлкен үлес қоса аламыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇