25.06.2025
  1129


Жеті шелпектің пайдасы

Жеті шелпек-қазақтың ғұрыпты тағамы.. Олар діни мерекелерде, жерлеу-еске алу рәсімдерінде, бейсенбі немесе жұма күндері – ата-баба рухтарын еске алу күні немесе адам өмірінің дағдарыс күндерінде дайындалады. Жалпы бұл қайдан шыққаны туралы нақты ақпарат жоқ. Ежелден келе жатқан аңыз әңгімелерімізге қарап, пайғамбар дәуірінен бастау алғанын білеміз.Халық әлі күнге дейін «Жеті шелпек жеті пәледен құтқарада» дейді.


Осы пікірге байланысты бір аңыз бар:Баяғыда бір жолаушы келе жатып, сандық тауып алады. Ашып қараса,ішінде алтын тас жатыр.«Құдайым жоқ жерден бердің ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде алтын тас үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді.


-Ей, бейшара, не тапсаң да, өз сорыңан көр.


Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын»,- деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім құтқаратын болса, соны жұтамын» деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, - дейді. Жолаушы шыр-пыр болып жалынса да, жылан көнбейді. Кенет отыз жолаушыны оның көзі шалады.Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып:


- Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес,


-деп кетіп қалады.


Жылан жақындай түседі.- Бейбақ:


-Өлген жерім осы болды ғой,-дей бергенде,тағыды бес кісінің сұлбасы көрінеді.


Жолаушы: «Құтқар!» - деп жалынады.


- Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесің?


-деп олар да кетіп қалады.


Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір аласа бойлы адам келе қалады.


-Ей, жылан, мына бейбақтың не жазығы бар? -


деп сұрайды. Жылан мән-жәйды баяндап:


-Отыздан қайыр, бес жаннан пайда болмағанда,


сен не істей аласың? Жолыңан қалма,-дейді. Аласа адам:


- Ей, жылан, жазықсыз жанға жала жаппа. Өтірігіңе сенбеймін. Айтқаның рас болса, мына денеңмен, кішкене сандыққа қалай сыйдың? Көз көрмей, көңіл сенбейді, - дейді. Жылан бұлқан-талқан ашуланып:


-Сандықтан қалай шықсам, солай сыйып та кетемін,- дейді де, түтінге айналып, жоғары көтеріліп, сандықа кіріп кетеді. Аласа адам сандықты тарс жауып:


Жыланнан құтылдың. Енді жольңнан қалма, дейді. Жолаушы қуанып:


Айлаңды асырдың, батыр. Қарыздармын. Жөніңді айт, кімсің?


-дейді.


- Бұл жылан - орынсыз айткан өз сөзің. Он пәленің тоғызы тілден. Орынсыз сөз иесін табады. Ақылды адам тілін буады. Отыз кісі - ұстамаған оразаң, бес кісі - қаза қылған бес уақыт намазың. құлшылыққа салғырт карадың. Олардан қайран болмады. Бірақ сен жұма сайын жеті шелпек пісіріп, кедей-кепшіктерге садақа бердің. Мен - өзің пісіріп таратқан шелпекпін сені құтқаруға Құдай жіберді,- депті.


Жолушының жеті шелпегі өзін бір апаттан құтқарған екен. 


 Әдетте бізде жеті шелпекті жаман түс көргенде немесе түсімізге аруақтар кірген кезде таратады. Әрине, бұл – дүниеден қайтқан ата-бабаларымызды еске алудың бір жолы. Сол үшін де жеті шелпекті жиі таратып, дініміз бен дәстүрімізді әрі қарай жалғастырып отырайық. Болашақ ұрпақ тәрбиесінен де ұмыт қалдырмайық. Қазірден бастап бала бойына осы бір асыл қасиеттеріміздің қаншалықты маңызды екенін түсіндіргеніміз абзал.


 



Ұзақбаева Аяна


Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы,11сынып оқушысы


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу