Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2025
57

Музейдің әйелдеріне
Сызылып тұрып сөйлесе,
Үзіліп сөзі кетердей.
Дерекпен ойы өрлесе
Мейманды риза етердей.
Кеше мен ертең үндесіп,
Көрменің сәні болардай.
Ұрпақ пен ата жүздесіп,
Санаңа білім толардай.
Тізіліп меруерт сөздері,
Өлкенің сырын ашатын.
Жайнаған мөлдір көздері,
Көктемнің нұрын шашатын.
Ежелгі тарих өрілер,
Ізімен биік өкшенің.
Бүгінгі күндей көрінер,
Қызықты болып өткенің.
Әлемнің тербеп бесігін,
Әйелдің үні жаңғырған
Ашпаған музей есігін
Рухани түрде қаңғырған.
Экспонат жатар үндемей,
Мақтаулы сөзге көміліп.
Күн демей, шіркін, түн демей,
Ойлар да кетер төгіліп.
Ұстайсың сосын жағаңды,
Таң қалып Қазақ еліне.
Бересің жақсы бағаңды
Музейдің әйелдеріне!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇