Өлеңдер ✍️

  19.06.2025
  51


Автор: Самрат Құскенов

Өзімізден бастамасақ

 



Халқымыз болмай ауызбіршілікте,
Түзелмес оңайлықпен кемшілік те.
Айтатын әңгімесі қалмаған жұрт
Өсекпен күн кешіп жүр тіршілікте.



Ел көрем бір-біріне жағымсынған,
Бұл күнде әділдіктің сағы сынған.
Заманым дөңгеленіп зырылдайды,
Қоғамның соры қалыңдап, бағы сынған.



Біреудің араласып өміріне,
Көпшілік қарамай жүр көңіліңе.
Мемлекет мәселесі төмен боп тұр,
Әртістер мінген көлік нөмірінен.



Замандас, бекер күтпе өзгерісті,
Жасама бостан босқа төңкерісті.
Тірлікті өзімізден бастамасақ,
Біз үшін тыңдыра ма өзге істі?



Білемін соңымыздан сөз ергенін,
Шаруаның айналаға өң бергенін.
"Нұр Отан" "Аманат" боп өзгермесе,
Көрмедім әлде ненің өзгергенін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу