Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2025
44

Өнер жасасын!
Өнер жасасын!
Маған атақ
Мемлекеттік сыйлық алу - бақыт па?
Әкімдіктен құрмет көру - жақұт па?
Атақтардың бәрі боқ боп қалады,
Дәм-тұзымыз таусылған бір уақытта.
Медаль, орден, алғыс хат та - далбаса,
Өз жүрегің асыл жырын жазбаса.
Мадақтама алғаныңнан не пайда?
Елің үшін еңбегің еш жанбаса.
Басқаларды білмеймін,
Ешқайсысын назарына ілмеймін.
Атақ үшін дақ түсіріп арыма,
Ешкімнің де көтеніне кірмеймін.
Маған атақ - аталардың батасы,
Батасыздан биік еді баталы.
Маған атақ - "Ақын балам!" деп сыйлап,
Әз аналар беттен сүйіп жатады.
Маған атақ - сыйлағаны халықтың,
Теңегені тұлғасына алыптың.
Маған атақ - қошеметі Алаштың,
Қолдауына әрқашанда ғашықпын.
Міне, маған керегі,
Халық өзі бағасын да береді.
Бүгінгінің күлкісі боп қорлансам,
Менің жырым - болашақтың дерегі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇