Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2025
33

Меруерт ханым
Құттықтау сөз жолдайын бір жырымнан,
Халқына дәм татқызған сөз - шырыннан.
Келіп жеткен жаңа жасың құтты боп,
Өмір тани түссін әрбір қырыңнан.
Бола берсін рахатты күй сезуің,
Шын қуанып, ғажайыпты кезуің.
Түсінбей өт, жылаудың не екенін,
Күлкіден көз ашпай екі езуің.
Тамшы жас та тұрмай мөлдір көзіңе,
Дақ түсірме ар мен ұяттың бөзіне.
Ренжігенде, сөйлеспей-ақ қойсаң да,
Ашуланған жараспайды өзіңе.
Ғұмыр бойы өт, қарағым, шаттанып,
Сынға толы сәт келмеске аттанып.
Мәртебеңді көтеремін жоғары,
Әріптесім деп өзіңмен мақтанып.
Меруерт ханым, танисың оң-солыңды,
Жаратқан ием, ашық қылсын жолыңды.
Мағжан құсап сыйлап, іздеп келгенде
Аққағаз боп ұсын жомарт қолыңды...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇