Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2025
55

Жүрек сені ойлағанда
Түбінде бір жағасың-ау бағымды,
Жұмыр етім тек өзіңе бағынды.
Көз алдыма әкелердей жүзіңді,
Сен жоқ жерде қуам елес, сағымды.
Махаббаттың оқымағам сабағын,
Түсінбесем сезімнің күй-табағын.
Қабағымда болар ертең жәннатың,
Қазір сенің түйілгенмен қабағың.
Теңестіріп ауылың мен қалаңды,
Тылсым күшпен тербетемін далаңды.
Құрқылтайдың ұясын іздеп табамын,
Жазу үшін тәніңдегі жараңды.
Жаныңнан от, сөзіңнен күш аламын,
Сен бар жерде бақыт ізін саламын.
Сөйлескенде іштегімді ақтарып,
Шер тарқатып, жеңілденіп қаламын.
Күлімдесең, мейірімге толамын,
Қыран құстай бірден шыңға қонамын.
Жүрек сені ойлағанда, аңғарсаң,
Меңдуана жеп қойғандай боламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇