Өлеңдер ✍️

  19.06.2025
  23


Автор: Самрат Құскенов

Астанам - тек қана Қызылжар!

1752 жылдың шілдесінде қырғыз-қайсақтардан қорғану үшін Ұлы Пётр бекінісі салына басталған. Соған 270 жыл толып отыр. Мерейтой қарсаңында дүние есігін ашқан жүрекжарды туындымды назарларыңызға ұсынамын...



Астанам - тек қана Қызылжар!



Киелі Қызылжар қаласы,
Кешегі ұлылар даласы.
Еліңнің солтүстік қақпасы
Жеріңнің егінді саласы.



Жаңғырған тарихтың бетінде,
Тәтті қып жаратқан етін де.
Мекені қап желдің өтінде,
Қорған боп тұр жердің шетінде.



Өткен күн ат басын бұрғызған,
"Сауданың ортасы" қылғызған.
Қып-қызыл жардан сыр ұққан соң
Абылай ақ үйін тұрғызған.



Әр ұлы - ел үшін дара шың,
Ұлыға берілсе баға шын.
Құжатты ақтарып қарасаң,
Орталық қылыпты Алашың.



Құт-ырыс жамылған жерінде,
Елім деп төгілсін терің де.
"Қызылжар - бабамның көзі!" деп,
Жыр етіп кеткен сал - серің де.



Еркелеп жүретін елігі,
Ешқашан қанбаған жерігі.
Солтүстік Қазақстан қазірде
Патшаның сенімді серігі.



Көпестің үйлері - дастаның,
Тарихты талқылап тастадың.
Ой түйсең қалдырған іздерден.
Ертеңгі жырыңды бастадың.



Саралап өткен әр уақытты,
Архивтен табамыз жақұтты.
Ежелден жәдігер боп жеткен,
Музейі бар халық - бақытты.



Бой түзеп атамның жырымен,
Шер тарқап ұлттың әр қырымен.
Астанам - тек қана Қызылжар!
Күн кешсем, аймақтың сырымен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу