Өлеңдер ✍️

  19.06.2025
  31


Автор: Самрат Құскенов

Қанжығалы Меңдеке батыр

 



Он жеті жаста әкеміз,
Жасанған жауды түсіріп.
Астынан тұлпар ат алды.
Үйірлеп жылқы айырып
Жаудың бетін қайырып,
Атақты батыр аталды.



Шәңкі Меңдекеұлы



Әр қазақ білсе құнын берекенің,
Жерінің қаншалықты кең екенін.
Сүйсініп Қазақстанның кеңдігіне,
Ерлігін ұмытпасын Меңдекенің.



Жиғызған кім болсаң да айылыңды,
Ел үшін бола алмасаң қайырымды.
Байлармен қақтығысып, жерін қорғап,
Халқына бөліп алған жайылымды.



Көрсеткен құдіреттің тіл екенін,
Адамға ажарлының қыр екенін.
Жүз елу жауын күнде ойсыратып,
Қазақтың дәлелдеген кім екенін.



Үміттің отын мүлде сөндірмеген,
Өз жұртын жоқшылыққа көндірмеген.
Тіліне жау найзасы қадалса да,
Еліне қара бұлтты төндірмеген.



Батырдың нашар сөйлей бастағаны,
Ел үшін туғанын бір растағаны.
Жанына қандай зақым келтірсе де,
Өз-өзін құрбан қылып тастағаны.



Аттанып талай жердің шайқасына,
Түсірген қас дұшпанын шалқасынан.
Қазаққа батырларды туып берген,
Бас ием Қанжығалы тайпасына.



Қашан да қызып жүрген еті құрттың*,
Қан қылып айналасын екі ұрттың.
Тараған жеті ұлының ұрпақтары
Әрдайым қамын жейді жеті жұрттың.



Меңдеке батыр - елдің ері болған,
маңдайының бағы бес елі болған.
Жерленсе Тимирязев ауданында,
Бұл аймақ Қанжығалы жері болған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу