Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2025
25

Саясат
Саясат,
Білем сайқал екеніңді,
Ит қана жақсы көрген мекеніңді.
Құрбаның боп кетпейін аяқ асты,
Орындап қызбалықпен дегеніңді.
Халықтың назарында
Әр қадамым,
Түрткілеп отыратын бар наданын.
Сен едің ойыншыққа айналдырып,
Намыссыз қып көрсеткен Ар адамын.
Билік те қайрай білген
Пышағын да,
Өзінің жүргізгенмен ұшағында.
Көңілдес қыз сияқты көрінесің,
Тербейтін көрінгеннің құшағында.
Саясат,
Менімен еш араласпа,
Басыма тұрмасыншы қара Аспан.
Қоғамдық жұмыстарға белсендімін,
Ұраным: "Ешқашан да қара баспа!"
Қырықтан ассам,
Сені қолға алам,
Қазақтың бәрін түзу жолға салам.
Қазір мен саясаткер бола алмаймын,
Оқымай елге қалай олжа салам?..
Саясат,
Менен теріс айналасың,
Әлі де түсінбеген айналасын.
Өзіңді тәжірибе жинамаған
Азамат пайдаланса, жай қаласың...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇