Әңгімелер ✍️
Кенен Әзірбаевтың туғанына 141 жыл
Бүгін қазақ өнерінің майталманы,суырып-салма сөз шебері,ақын,Кенен Әзірбаевтың туғанына 141 жыл толып отыр.Әр әні өмірінің шежіресі болған бұл тұлғаның өмір жолы да ерекше.
Ол 19 маусымда,Жамбыл облысының Қордай ауданы,Мәтібұлақ елді мекенінде дүниеге келген.Кенен Әзірбаевтың балалық шағы күрделі болды.Анасынан 7 жасында айырылысып,әкесі Әзірбай екеуі жалғыз қалады.Таң атқаннан күн батқанда дейін мал баққан.Бірақ,бұл оның өнерге деген құлшынысына кедергі болған емес.Ол қамыстан сыбызғы жасап,қалақты домбыра еткен.Солай өлең,ән шығара бастайды.Небәрі 13 жасында өзінің атақты «Бозторғай»әнін шығарды.
Сонымен қатар,Кенен өз өнерінің арқасында 1916 жылғы алапат ұлт азаттық көтерілісінде халыққа өз ән,жырымен жігер беріп,күреске үгіттеуші сарбаз болған.
Кенен Әзірбаевтың өмір жолында үлкен орын алған кезең,1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс.Алпысқа тақалған шағында,соғыс басталған сәтте «Біздің Отан жеңеді»деген әнімен жұртқа үндеу тастаған.
1945 жылдың 1 қаңтарында ақын Кенен Әзірбаевқа «Құрмет белгісі»ордені берілді.1959 жылы ақынның 75 жылдық мерейтойында екінші рет «Құрмет белгісі»ордені табыс етілді. 1961 жылдың 8 ақпанында Кенен Әзірбаевқа «Қазақ ССР-нің халық ақыны»деген құрметті атақ берілді.1976 жылы 12 сәуірде тоқсаннан асқан шағында қайтыс болды.
Оның шығармашылығы мен елге атқарған қызметі орасан зор.Ақын артында көптеген өлең-жырлар,дастан мен әндер,одан бөлек жеті күй мен тарихи тұлғалар жайлы құнды деректер қалдырды.
Қазіргі таңда Кенен Әзірбаевтың есімі еліміздегі көптеген мектеп пен көшелерге берілді.2009 жылы ақынның 125жылдық мерейтойына Кенен Әзірбаевқа арналған Қазақстанның пошта маркасы шығарылды.Жамбыл облысы,Қордай ауданында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған елді мекен Кенен ауылы деп аталады.Ақынның 100,110,120,125,135 жылдық мерейтойлары Республикалық деңгейде үзбей тойланып келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇