Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.06.2025
465

Көркем Таласым
Саған қызығып әлем қарасын,
Жырлап қазақтың байтақ даласын.
Керей, Жәнібек қазақ хандығын
Құрған жағаңда жүріп, Таласым.
Келсем, сен тұрсың сырды ақтарып,
Мақтап өзіңді қалсын жақ талып.
Тараз әдемі - сенің арқаңда,
Ақсаң қаланың ішін қақ жарып.
Жұртым өзіңді құтқа баласын,
Суың нұр болып елге тарасын.
Дос боп Қазақстан менен Қырғызстан
Қорған болардай саған Таласым!
Жамбыл дегенде кетем елеңдеп,
Дулат дегенде қалам тереңдеп.
Дулат - әкем, ал, Жамбыл - ауданым,
Уәде беремін, "Тағы келем!" деп.
Емдеп берердей жүрек жарасын,
Мені ағыспен қарсы аласың.
Саған қарасам ішкі жан дүнием
Толқып кетеді көркем Таласым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇