Өлеңдер ✍️

Зор үміт күтем жастардан
Қазақстан бүгін дамыған,
Жер жүзі бізді таныған.
Алладан нұр боп дарыған,
Зор үміт күтем жастардан.
Рухани байлық бойында,
Оны да қазақ мойында.
Фантазия тұнған ойында.
Зор үміт күтем жастардан.
Айға ұмтылған қашан да,
Сай болып жаңа заманға.
Қас болған бүкіл жаманға,
Зор үміт күтем жастардан.
Оянған ой мен санасы,
Ғылымға жетіп шамасы,
Білімнің болған дарасы,
Зор үміт күтем жастардан.
Техниканы да меңгерген,
Тәжірибесін тексерген.
Нұрлы жол барын ескерген,
Зор үміт күтем жастардан.
Жігерін құмға көмбеген,
Жалыны әлі сөнбеген,
Мәңгілік елді жөн деген.
Зор үміт күтем жастардан.
"Жас келсе, іске" емес пе?!
Төрт құбылаң да теңескен.
Шығарған асу белеске,
Зор үміт күтем жастардан.
Зор үміт күтем жастардан.
Білекте күші сақталған,
Білімнің бетін ақтарған,
Үкілеп үміт ақ таңнанан.
Зор үміт күтем жастардан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇