Өлеңдер ✍️

  17.06.2025
  653


Автор: Самрат Құскенов

Қазақстан Республикасын алаңдатқан Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы аумағына қанат жайған өрт жаныма тыныштық бермеді...

 



Жүрегім гүлдей солып тұр,
Жан дүнием мұңға толып тұр.
Нұрланған заман қол бұлғап,
Өртенген заман болып тұр...



Сөгіліп кетті қабырғам,
Есігі құттың жабылған.
Жазғаны шығар Алланың,
Шақырам елді сабырға...



Жанса да, орман-нуымыз,
Тартылса-дағы суымыз.
Желбіреп тұрсын құламай,
Азаттық сәні - туымыз...



Үй жанып кетсе, салынар,
Нар өлсе, бота табылар.
Ағаштар жанса, орнына,
Егіліп талдар бағынар.



Арманның бәрі дәу болсын,
Талаптың өзі тау болсын.
Орнында барлық оңалар,
Халықтың дені сау болсын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу