Өлеңдер ✍️

  17.06.2025
  50


Автор: Самрат Құскенов

Анамекен

 



Қараша ер жігітке пана екен,
Сүрінсе, бағыт берер дана екен.
Жиендер шежіреге кірмесе де,
Ананың туған жері - анамекен.



Ие болса жігіт елдің бағасына,
Айналу қажет көптің ағасына
Айналып өтпей, Үлгі ауылына
жол тартып тұрам, барып нағашыма.



Құдайым тар қылмасын пейілімді,
Ғылымнан артық көрген кей ілімді.
Анамның аппақ жүзін жаратқан соң,
Үлгінің тұрғындары - мейірімді.



Тарихың сенің, Үлгі тереңдеген,
Жеріңде жатсам, тәнді жел емдеген.
Жиен ел болмаса да, әрбір жанның
жүрегі нағашы деп елеңдеген.



Ауылы туып-өскен данамыздың?!
Тірегі бола білген панамыздың.
Ендеше анамекен деп қастерлеп
Өтейік туған елін анамыздың?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу