15.06.2025
  1819


Жұмыссыздық - өз көзімен көрген шындық

Соңғы бірнеше айда жұмыс іздеп жүрген таныстарымның көбейгенін байқадым. Олардың ішінде жоғары білімді, еңбек өтілі бар азаматтар да бар. Бұл жағдай мені ойландырды. Жұмыссыздық расында да қаншалықты кең тараған құбылыс?


 


Мен бірнеше жергілікті дереккөздер мен жаңалықтарды қарап шықтым. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың соңында елде ресми тіркелген жұмыссыздар саны 450 мыңға жуық болған. Алайда бұл тек тіркелген адамдар. Шын мәнінде, бейресми жұмыссыз жүргендер бұдан да көп болуы мүмкін.


 


Жеке бақылауым бойынша, әсіресе жастар мен ауыл тұрғындары арасында жұмыссыздық қатты сезіледі. Дипломы бар, бірақ жұмыс таба алмай жүрген таныстарымнан сұрасам, біреуіне жұмыс тәжірибесі жетпейді, біреуі тапқан қызметіне көңілі толмайды, ал кейбірі жалақысы тым төмен болғандықтан қабылдамайды.


 


Бұдан түйгенім – жұмыссыздықтың себебі тек жұмыс орнының аздығында емес, кейде адамның өз талап-тілегі мен нарық сұранысы сәйкес келмей жатады.


 


Қазір мемлекеттен түрлі қолдау бар: кәсіп ашам десең – грант, жұмыссыз қалсаң – арнайы бағдарламалар. Бірақ көбі бұларды білмейді немесе сенбейді.


 


Осы мақаланы жаза отырып, мен жұмыс іздеуде тек мемлекетті кінәламай, адамның өзі де белсенді әрекет етуі керек деген ойға келдім. Бәлкім, нақты бір істі меңгеру, тіпті шағын кәсіп бастау – жұмыссыздықтан шығудың бір жолы шығар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу