14.06.2025
  1754


Мектеп оқушыларының жұмыс жасауы дұрыспа?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес,жұмыс істеуге рұқсат етілетін ең төменгі жас-16жас. Кейбір жағдайларда 14 жастан бастап рұқсат етіледі:•14 және 16 жас аралығында кәмелетке толмағандар ата-анасының рұқсатымен және денсаулығына,оқуына зиян келтірмейтін жеңіл жұмыстарды жасай алады.


 


Жасөспірімдердің осындай жастан бастап жұмыс істеуі оларды ақшаның қадірін түсінуге,оның оңай жолмен келмейтінін,еңбекқорлыққа бейімдейді. Оған қосы ата-аналарына қаражат жағынан ауыртпашылық түсірмейді.Алайда халық әрқашан екіге бөлінеді. Біреуі дәл абзац басындағы ойда болса,енді бірі “жұмыс не үшін керек,ата-ана ақшамен қамтамасыз етуге тиісті,оның орнына оқып,даму керек дейді”.Кейбіо оқушылар мектеп уақытында даяшы,аниматор деген секілді жұмыстарда жасайды,олар түнде немесе кешке жасағандықтан,сабақ оқуға,тіпті мектепке келуге де шабыттары болмай,сабақ уақытында ұйықтап жатады. Бұндай әрекеттер,әрине дұрыс емес. 


 


Мектеп уақыты,яғни дүйсенбіден жұмаға дейінгі уақыт ол оқушының білім алуға тиісті уақыты. Ол кезде жұмыс жасау дұрыс емес деп ойлаймын. Алайда әрбір тоқсанға арналған 10 күндік демалыстарда,жазғы 3 ай демалыста оңай,заң жүзіндегі мекемелерде жұмыс жасауға болады. Сондықтан кез-келген жасөспірімге жұмыс жасау,жасамау өзінін еркі,бірақ жұмыс оның оқуына кедергі келтірмеуі тиіс. Ал сіз бұл пікір туралы не ойлайсыз?


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу