Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.05.2025
149
Өлең жазамын
Өлең жазу керек шығар осы маған,
Өмір жолы өлеңімен қосылмаған.
Ұйқысыз түн қойнында жазып жатар
Өлең керек деймін ау осы маған.
Көкейдегі сұрақтарға жауап болар,
Өлең жазам деймін-ау сәуап болар.
Қанша уақыт жалықпай отыратын
Өлең жазу керек-ау осы маған.
Қанша жанның жүрегіне дәру болар,
Өлең жазам деймін-ау зәру болар.
Қара сөзбен жара емдеп отыратын
Өлең жазу керек-ау осы маған.
Жалықпайтын естіген тыңдарманым,
Шабыт алам солардан бұл арманым.
Өлең жазам жақында уақыт келсе
Естисің сен асығып тұрар жаның
Өлең жазам
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇