20.05.2025
  529


Әкемнің ақылы

Атамның ақылы


      Кезекті жұмыс күні аяқталды. Алайда бұл күннің аяқталуы Жалынға ерекше қуануға себеп еді. Себебі оны алда 4 апта дем алыс күтіп тұрған болатын. Асығып үйіне тез жетуді қалағаны бар. Өз жұмысын жақсы көрсе де, қатты шаршады. Үйінде әйелі Ләйлә мен баласы Аслан күтіп отыр екен. Аслан бірден:


- Демалыста ата-апаңа алып барамын деп едіңіз ғой, әке. Қашан жолға шығамыз? -деп,Аслан ауылға баруға асықты.

- Әрина, балам, есімде. Қазір шығамыз, асықпа, 4 апта ата-әжеңнің қасында боласың. – деп күлімсіре қарады.

Осылайша жас отбасы ауылға беттеп, жолын бастады. Жолды үшеуі әңгіме-дүкен құрып, музыка қосып көңілді бастады. Алайда анасы мен баласы ортасына қарай шаршап, ұйықтап кетті. Сонша уақыт жұмыстан шаршап жүрген Жалын өз ойымен оңашада қалды. Бәрі бар секілді, бірақ бірдіңе жетіспейтіндей... Осы ой Жалынды мазалай берді. Қасында сұлу әйелі, артқы орындықта тәрбиесі түзу баласы, астында темір тұлпары, жұмыстан соң қайтатын өз қолымен соққан баспанасы. Бақытты өмір үшін керектің бәрі бар, Жалынның бақытына не жетіспейді...


Ұзақ жолдан уақыт өткізіп үшеуі Жалынның туған жеріне, өсіп-жеткен ауылына келеді. Алдарынан жымиыған жүзбен ата-әжесі шығады. Оларды көргеніне ең қуанышты болған ол – Аслан. Әкесі мен анасын ұмытып тп кеткендей.


- Теңселіп жол жүріп шаршаған шығарсыңдар. Жүріңдер шәй ішеміз. Содан соң жатып ұйықтаңдар. – деді шал.

Ақ дастархан басында бас қосып әңгіме айтқанға не жетсін, шіркін-ай! Атасы мен әжесі Асланға әкесінің кішкентай кезіндегі қызықтарын айтып берді. Ішін жылу сезімі билеген Жалынға осы әңгімелер құдды бір ертегі секілді естілді. Кішкентай кезіндегі қызықтарды естіп, қазір өзінің қатты өзгергенінбайқады. Жылу сезімі түсініксіз бір толқуға айналды.


Көп ұзамай бәрі ұйқыға кеткен болатын. Тек Жалын ғана көз іле алар емес. Далаға шығып серуендеп келгісі келді. Далаға шыққаны сол еді, ауылдың кешкі қоңыр салқыны, жасыл шөп иісі бірден кішкентай кезін есіне салды.Әкесімен бірге істеген қақпа, кішкентай кезінде ойнаған ескі ойыншықтары оның бойындажылы сезімді оятқан болатын. Нағыз ерекше сезім әкесі екеуінің қолымен 5 жасында отырғызылған ағашын көргенде пайда болды. Арада қанша жылдар өтті, әлгі ағаш біршама өзім, бой бермей кетіпті. Әкесімен жер қазып, ағаш егіп, суарып жатқаны кеше ғана болған оқиға секілді көз алдында өтті. Осы сезіммен Жалын үйге оралып, ұйқыға батқан болатын.


Таңертеңімен күнмен таласа шыққан әтеш дауысынан да Жалынның әкесі ертерек ояныпты . Еп ерте бәрін оятып дастарханға шақырды. Анасы мен баласы ұйқысын қыймай-қыймай әзер дегенде барған болатын. Ал Жалын түнгі серуеннен кейін ұйқысын қандыра алмады. Әкесі баласының бұнысына қарап, «Кішкентай кезінде осындай едің, дос жолдастарыңмен түнімен жүріп кеш келетінін, одан қалмай азанда ұйқыңды жіберу өте қиын еді саған. Осынша жасқа келіп, бір отбасыныңтірегі болсаң да, көзімде әлі сол кішкентайкейпін, балам. – деп шығып кетті. Осы сөздерді естіген Жалын кішкентай кезін тағы есіне алыпжатып, көзі ілініп кетіпті. Бір кезде бетін сипаған анасының алақанын сезіп оянды.


- Әй, балам, тұрағой, барып әкең мен балаңа көмектес, далада шаруа істеп жатыр.

- Иә, анашым тұрып жатырмын. – деп асықпай Жалын барып тамағын ішті.

Асүйде отқан кезінде даладан әкесі мен баласының дауысын естіді. Барып қараса екеуі жер қазып жатыр екен. Ағаш отырғызамыз дейді мыс. Осыны бақылап отырған Жалын бір кезде әкесінің сөздеріне құлақ түрді


- Есіңде болсын, балам, әрбір еркек өмірінде үй салуы керек, жақсы жар табуы керек, өз мамандығын жаңылмай табуы қажет, ақылды бала тәрбиелеп, бар білгенін үйретіп, бірге ағаш отырғызуы керек. – деген сөзін естіп, сарт ете қалды. Шынында да Жалын осы айтылған тізімдегінің барлығын дерлік жасапты, тек бір пункт қалған... Баласымен ағаш отырғызбапты. «Сонша уақыттан бері маза бермей жүрген осы емес па екен?» - деп ойға кетті.

- Әке, әкеліңіз, өзім егісейін балама, бұрын сіз әке болып маған көмектесуші едіңіз ғой, енді мен. – деп Жалын баласының қасына келді. Екеуінің бірге ағаш отырғызып жатқанын көрген атасы жымиып уақыттың тез екенін көрді. Кеше ғана әке болып баласына үйретіп жатқан еды, қазір ата болып бақылап отыр.

- Эх, балам, берген ақылдарым босқа кетпепті, Асландай ақылды баланы тәрбиелеп, Ләйләдай сұлуға үйленуің ол өзіңнің адами болмысыңның нәтижесі.  

- Әрине, әке, сіздің берген әр кеңесіңіз, үйреткен ақылыңыз мәңгі менің жадымда. Осындай дәрежеге жеттім сіздің арқаңыз емес пе?

- Оның рас, бар білгенімді саралап саған беру менің парызым, міндетім. Ал сол берілген тәрбиені алып кету ол өзіңнің қолыңда болатын. Сенің қолыңнан келді. Мен айтқан әрбір ер орындауы тиіс пункттер есіңде болар, соның соңғысын орындағаныңмен құттықтаймын, балам. – деді.

Жалынға толық бақытқа жетпеген бөлшек осы секілді көрінді. Әкесінің қадірін тағы бір түсінді. Басымдықа алған кеңестегі тізімді аяқтады. Әкенің баланың өміріндегі маңыздылық тағы бір есіне алып, өзіне келесі бір маңызды тапсырма қойды. Ол – өз баласының өмірінде жақсы әке болып қалу.  




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

06.06.2025 15:22
ЫцИр

Пікір жазу