Әңгімелер ✍️

ЖЕЗӨКШЕ СТУДЕНТТЕР, БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ЖӘНЕ ИЛОН МАСК
Студент қыздардың жезөкшелікпен айналысып жүргені әлеуметтік жағдайдың төмендігі мен тәрбиенің жоқтығымен қоса білім саласының төмендігін де білдіреді. Біздің жоғары оқу орындарының базасы ескіріп, 15-20 жыл алдыңғы оқулықтар мен бағдарламаны 2017 жылғы студенттерге ұсына береді. Мектепте жүргенде озат болған студенттердің университеттерден күткен білімі мен қазіргі үйреніп жатқаны сәйкес келмей, көп нәрседен көңілі қала бастайды.
Универден іздегенін таппаған, көңілі көншіген кейбір студенттер стипендиядан қағылады, ақырын Инстаграм сияқты желілерді шарлап, ақырын тусаларға араласа береді. Алғашында жай кездесуге, киноға, кофеханаға шығып жүрген кейбір қыздар ақырындап клубтарға ауыса бастайды. Қанша жылдан бері қақсап жүрген тақырыбым "чайкалық өнерін" меңгеріп, пайданы көздейтін деңгейге көтеріледі. Қыздардың ар-намысы жоқ, тексіз, тәрбиесіз деп тупо кінәлай бермей, мәселенің түбіне қарайық. Әр универден 1-2% чайка, жезөкше, тусақұмар қыз шыққанда, елімізде 100-ден аса ЖОО бар. Демек, 1 оқу орнының қыздарындай қыз жаман жолға түсіп кеткен деп шамалап ұра салуға болады. Олардың өзі көбіне шет елдіктермен қыдыратын болып тұрғаны - әлі де ар-намысы бар деген сөз. Бетімен кеткен болса, қазақстандықтарға да қызмет көрсетіп кетер еді. Танып қояр, біліп қояр деген қорқыныш пен күмәннің ар жағында болашаққа деген үміт бар.
Енді бұл жерде 2 министрліктің шаруасына ұсыныс айтқым келіп тұр:
1) Ішкі істер министрлігінің жергілікті бөлімшелері оларды жезөкшелікпен айналысады, айналысқан деп тізімге алып қоя салмай, ары қарай оларды қадағалап, келесіде бұл жолға түспеуінің алдын алса деген ұсыныс-тілек бар. Университетіне қыздың өзіне білдірмей хабарын беріп, олардың мінез-құлқының түзеліп, сабағын оқып кетуіне университет жағы мүдделі болса екен.
2) Тағы да сол Білім және ғылым министрлігі... Жақында ғана Илон Маск Америкадағы математика пәнінің оқыту методикасын сынап, прожектке бағдарлау тәсілімен оқытуды ұсынды. Илекеңнің айтуы бойынша, мектеп оқушылары түкке қажет емес, яғни өмірде пайдасы тимейтін формулалар мен ережелерді жаттай бермей, үйренген математикалық білімі негізінде оқушылар прожект (жоба) жасауды үйренсе, қоғамға да, оқушының өзіне де, білім-ғылым саласына да пайдасы мол шаруа болар еді дейді. Біздің мектептерді қоя тұрғанда бұндай әдіснама ЖОО-дарында да қолданылмайды ғой. Бір ақсақал лектор келіп алып, 2 сағат лекцияда өзінің өмірбаянын айтады, келесі лекцияда Мәскеуде оқығанын және оның институтында қандай профессорлар сабақ бергенін баяндайды, келесі лекцияда Қазақстандағы білімнің құрып қалғанын сынап жүргенде, не үйренгеніңді емес, пәннің атын ұмытып қаласың. Біздегі білім мен ғылым сылдыр су, ішінен іліп алып, практикада қолданып, дереу жұмысқа тұрып кету немесе нәпақа тауып, адам болып кету өте қиын. Сондықтан Білім және ғылым министрлігіндегі мыңдаған қызметкерлерге айтарым, білім беру саласындағы соңғы тенденцияларды оқып, құрығанда Қазақстандағы 30-40% университетке енгізіңіздер. Дуалды білім беру деген жақсы басталып еді, оның да арты сұйылып, жай есеп беруден аспай қалды.
Барлық мәселені үйдегі тәрбие мен әлемдік глобализацияға тіреп қоймай, локал деңгейдегі проблемдерді де солв етейік, dear friends )))
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇