Өлеңдер ✍️

  03.05.2025
  244


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Байқамағам

Мен неге бұрын мүлде байқамадым


Ештеңеге қызықпай қарайғаным


Достарда махаббатта бәрі жалған


Жалғыздық жақын досқа айналғанын


 


Мен бұрын шын сезімге сенетінмін


Шынайы достыққа көп еретінмін


Ойлайтынмын адам бар бұл өмірде 


Шынайы жаны ашып шын күлетін


 


Мен қалай бұрын соңды байқамағам


Ешкімге керек емес жай бір адам


Өмірде қызық көріп жүрген жандар


Мен болсам өз қайғымда көп қамалғам


 


Қандай сезім сүйікті бола білген


Ол қандай бір құдірет қандай ілеп


Не ойлайды өмірде ондай адам


Не қалайды тағы басқа бұл жалғаннан


 


Қандай сезім көп досың бола білген


Қандайда бір мақсатқа бірге жеткен


Бас жолында бастаған жақсы жандар


Соңында бірге шыдап бірге күлген


 


Мен білемін не ойлайды жаралы адам


Сүйіктісін жіберген сонша жылдан 


Мен білемін не екенін шын махаббат


Бақыт емес тек қайғыда бастау алған


 


Махаббат тұнып тұрған қара қайғы


Жаныңды жүрегіңді жаралайды


Бақытта жоқ, тәттісі, қызығы жоқ


Шын махаббат осындай мағына жоқ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу