Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.05.2025
33

Сорлы жан
Жоқ шығар мендей сорлы адам
Ешкімге керек болмаған
Ұқсамасын ешбірі
Тағдыры ұмыт қылдырған
Бармекен мендей тірі жан
Жалғыздан жалғыз қамалған
Бөлісе алмай жан сырын
Ішінен тынып қиналған
Жүрмекен мендей сорлы адам
Өкпесін әлі баспаған
Ақысы қалған сезімге
Өмірде жолы болмаған
Бармекен мендей бір адам
Достыққа лайық болмаған
Айнала толған адамдар
Бірақта жалғызсыраған
Болмасын мендей адамдар
Тойласын әрбір күндерін
Кезекпен келген қайғысын
Маған тапсырып үлгерсін
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇