Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.05.2025
64

Тарту етті сені кім
Мен бейбаққа тарту етті сені кім
Сені көрген көзді сатып алайын
Көрмегелі талай жылдар талай күн
Бір өзіңдеп атты қанша таңдарым
Махаббаттың ащы дәмін татқаным
Өлім дәмі қандай болат білмесең
Оны көрген бәрін саған айтамын
Сенсіз жүрген әр минутым азапты
Әрбір күнім татитындай тозаққа
Бір өзіңсіз әрбір күлкім өтірік
Күлу деген сен кеткенмен тоқтапты
Мен ешқашан ұмытпаспын ол сәтті
Түні бойы ұйықтай алмай шыққанды
Көкейімді өртеп жатқан қызғаныш
Амалым жоқ сол баяғы сағыныш
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter