Өлеңдер ✍️

  03.05.2025
  203


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Сен жайлы

Мен жүрмеймін мәңгілікке жерді басып,


Асып тасып бірде суып бірде қашып.


Мен күлмеймін мәңгілік жанарыңда,


Уақыт келсе кетемін аспанға ұшып.


 


Мен кетсемде қалады саған жырым.


Ол өлмейді жырлайды махаббатын.


Келер ғасыр қызыға оқып шығып,


Дәл өзіңді іздейді махаббатын,


 


Сен өлсеңде мен өлсемде қалар өлең,


Сендегі сұлулықты айта білген.


Сен жайлы жазылады біраз тарих,


Сен кетсеңде қалады атың білем.


 


Өзің тірі жүрмесеңде жерді басып


Келер ғұмыр өзіңді танып кетер


Мен жазған өлеңдерім таралғаннан


Бәрі сені Айнам-ау тағы сүйер


Бар ғой сенің сиқырың ғашық етер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу