Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  332


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Махаббат

                  


 


 Ләззаттың  сарқылмайтын  бұлағы  ма?


 Құмардың  бас  бұрмайтын  құнаны  ма?


 Бір  сезім  қармағына  тартты  мені,


 От-құшағың  мәңгілікке  ұнады  ма?


 


 Көңілдің  мініп  алып  көк  дөненін,


 Басайын  сезімімнің  шөлдегенін.


 Мәңгілік  жүрегіме  ұя  салған.


 Баянды  бақытым  бар  сенде   менің.


 


 Махаббат  сезімдердің  алтыны  ма?


 Жүрегім  дір  етті  де,балқыды   ма?


 Махаббат, мен   ризамын  құдіретіңе,


 Жас  өмір  тек  сенімен  шалқыды  ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу