Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  294


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Қызғанамын

 


Cәулесінен  күннің  де,


Қызғанамын, білдің  бе?!


Жанды  баурар  бір  сыр  бар,


Сенің  сәби  күлкіңде.


 


Сүйіп  қалдым  сені  шын,


Жаралдың  ба  мен  үшін?!


Махаббаттан  мұқалған,


Жүрегімнің  емісің.


 


Тұтқын  етіп  тамұқ  түн,


Матап  алды  бақыт  мұң.


Шырағысың  жанымның,


Шуағыңды  сағындым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу