Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  301


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Бұл сезім

 


Қайтейін сылқым сезім кесімін,


Қағады жүрегімнің есігін.


Қайт кейін дей алмадым өзіме ,


Ойымнан кетпей қойды есімің.


 


Ұмсындым  тұтқасына бақыттың,


Беймезгіл болса дағы уақыт тым.


Сәт сайын ыстық тартып барасың,


Мен бүгін сені ойлап  қамықтым.


 


 


Көктейді бұла сезім кеш келген,


Нәр алып жаңбыр жауған кештерден.


Бұл сезім ғашық етті өзіңе,


Келді де  адасқан естерден.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу