Өлеңдер ✍️

  04.04.2025
  1771


Автор: Жахан Елжан Абзалұлы

Уақыт өте…

Уақыт өте,


Көп келуде,


Өлім жайлы мұң хабар!


Келген сайын,


Сондай хабар,


Маған түрлі ой салар.


Өмір жалған,


Қуып арман,


Сол арманға жетер кім?


Бәрімізде,


Өлмеймізбе,


Өлмей тірі кім қалар?


 


Мен де,


Сен де,


Бәрімізде,


Бір Алланың құлымыз.


Құл да не бар?


Жоқ ештеңе,


Не деп уайым шегеміз?


Алла берді,


Алла алар,


Қылдай нәзік жаныңды.


Жасым болса


Келді отызға,


Бала едік кеше біз!


 


Ағып-тасып,


Арналардан


Өтіп жатыр өмірім,


Өткен өмір,


Өтті кетті.


Бір қалыпта көңілім.


Әлі талай жалындармын,


Мақсатыма жетіп бір.


Жалындармын,


Жарқ етіп бір,


Қалса жағар көмірім…


 


Қанша алып,


Ұнсіз қалып,


Кетті жердің астына?


Қаншама сыр,


Қаншама жыр,


Айтылмастан басқаға?


Кетті қанша,


Ұлы тұлға,


Жана алмай жалындап?


Қаншама ән,


Өлең дастан,


Жазылмастан таспаға?


Кетті қанша,


Қойылымдар,


Ойналмастан сахнада?


Кетті актер,


Сценарилар


Оскар алмай қаншама?


Мен де кетем,


Бір күндері,


Әл қазірше уақыт жоқ!


Мақсатым көп,


Іске аспаған,


Уақытым жоқ шаршауға…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу