Өлеңдер ✍️

  04.04.2025
  1392


Автор: Жахан Елжан Абзалұлы

Түннен қорқам

Түннен қорқам,


Оянбай қаламба деп.


Түннен қорқам


Таң атпай қалама деп,


Тәтті түсте адасып,


Тұрғым келмей


Өңіммен шатастырып аламба деп…


 


Түннен қорқам,


Қараңғы қара түнек,


Айда бермей


Сәулесін маған керек.


Қара түнек,


Көрінбей басар қадам.


Сол түнекте адасып қаламба деп…


 


Қара түнек жауласада санамды


Бір сәуле бар, емес санам қараңғы…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу