Өлеңдер ✍️

  12.03.2025
  258


Rakhmanberdi Izbassar

Мен бұрын…

Мен бұрын адамдарды бүтін көргем,
Жыртық болса жамаумен бүтіндегем
Қазір неге адамдар жарты боп жүр?!
Санасы азып,жүректері түтінделген.

Айтамын-ау,менде жүрмін сол арада
Келіппіз-ау,айуандықтан бел ортаға
Жақсы адамдар не үшін кеткіш болды?
Ана жаққа жақсы адам молайта ма?

Жақсы адамдар алыста мекендей ме?
Жамандар қалсын,нестер екен дей ме?
Кідірмейді жақсы адамдар бұл өмірде,
Жүрегімді ауыртпайын бекер дейме?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Нұрислам
Нұрислам 12.03.2025 20:12
Өлеңдеріңіз әмеді екен?

Пікір жазу