Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.03.2025
372
Тек сен
Бір секундта өзіңе жүз қарадым,
Ұрланып сол бір көзге өзім сүйген.
Махаббат өткір ұшы ұстараның
Тіліп өтті жанымды сені сүйген.
Қара көзге қызығып мың қарадым,
Жарып шықты жанымды сезім гүлі.
Құшағыма қысу ғой бір қалауым
Әттең, шықпай қойды ғой сезім күні.
Түн көрпесін жамылып сағынамын,
Сүйемін ғой несіне жасырамын.
Сүйіп сені таңымды атырамын.
Айтып жатып қалғимын ғашық әнін
Ұлы Алла өзіңе жолықтырып.
Пәк жүрекке тек сені салып қойды.
Ал мен сүйген бүгінгі тәтті сезім
Кешегі нұр көзіңде қалып қойды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇