Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.03.2025
227
Махаббатым алғашқы
Ояндым толқып, тулап жаным
Көңілсіз атты бүгінгі тағы таңым
Себебі бүгін түсімен енді...
Түсіме енді Алғашқы махаббатым
Жүр екенмін құшағында бақыттың
Бейнесі тұрды сәулесіндей жақұттың
Екі аттам орында тұрғанымен
Ұмтылып, тасып жетуге оған асықтым
Түсінбедім бұл не қылған түс еді
Босап қалсам ойыма сап түседі
Өзімді алдап қоям бір жақты
"Жәй түс қой, түс түлкінің тезегі"
Мүмкін мидан естеліктер кетпегесін
Мида іздейд(і) сезімдерді жетпегесін
Мүмкін, көкейде қалған сөздерді
Сүйгенімнің жүрегіне екпегесін
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇