Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.03.2025
191
Ессіз сүйдім
Ессіз сүйдім,
Байқамай оның кетігін,
Маған жұмбақ,
Сұлудың келер иесі кім.
Мүмкін өзім, бәлкім басқа,
Кешіріңдер
Жасырын болсын есімім.
Ессіз сүйдім,
Қызғанып оны достардан.
Қолымнан келмей,
Шығарып оны жоспардан.
Бәрі сағым, бәрі елес,
Қиялдағы,
Жеткізбес ода бос арман.
Күдер үздім,
Аша алмай жүрек есігін.
Жүрекке кеп,
Таба алмай тіпті тесігін,
Ғашық еттің,
Баурадың жылы жүзіңмен,
Алаңдама
Жасырын болады есімің
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇