Өлеңдер ✍️

  04.03.2025
  609


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Қыздар, қыздар, ғажапсыңдар...



Қыздар, қыздар, ғажап қыздар,


Бал қыздар.


Тал шыбықтай бұралғанда,


Паң қыздар.


Күн нұрындай сәуле шашқан, көрікті,


Төгілгендей әсем әуен, ән қыздар.


 


Қызды көрсем, сезімге елтіп,


Толқытар бойды сан арман.


Сендер өмір гүлісіңдер, (2 рет)


Сүю үшін жаралған!


 


Ғажап қыздар, жанға шуақ септіңдер,


Алшақтатты, арамызды көп күндер.


Жүректерге жан бітірген, арулар,


Қарлығаштай қайда ұшып кеттіңдер.


 


Жүректерін жігіттердің жаулаған,


Қылығымен мұз жүректі баураған.


Күлкілерің күн нұрындай арбаған, (2 рет)


Қызды көрсем сүйіп қалам,  


Қылығымен бойға қуат сыйлаған.


 


Қызды көрсем, сезімге елтіп,


Толқытар бойды сан арман.


Сендер өмір гүлісіңдер,   (2 рет)


Сүю үшін жаралған!


Сөзі: Әліпов Айтбек Рымбекұлы, Астана қ.,  2025 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу