Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  107


Автор: Сәрсенби Аян

Махаббат бойтұмары

Менің есірткім ғашығым еді,
Ғашығым еді ұнатқан.
Теңеуі жоқ асылым еді
Тәңірдің өзі жаратқан.

Ғашығым еді ай менен көктің
Бейнесі болған сұп-сұлу.
Ғашығым едің ал менен кетті
Себебі неде сыр сұлу.

Тұмары едің махаббатымның,
Кіршік түспеген тап-таза.
Жүрекке сәуле жаққан атыңның
Күтемін сене қол соза.

Шарап ішемін айыптамашы
Халімді басар ем қылып.
Саған барамын уайымдамашы
Құшағымды кең қылып.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу