Өлеңдер ✍️

Ойламадым
Білесің бе?
Мен бұлай сағынам деп ойламадым
Қалай бауыр басқаным байқамадым
Қош айтысып өзіңмен жоғалғанда
Амалсыздан тағы да айырылғаным
Енді жалғыз сағынып мұңданамын
Сықылықтап күлетінің күн сайын
Ай астында жарқырайды жанарың
Қара түнді жер жамылып жатқанда
Енді міне сенен айырылып қалғаным
Есіңде ме?
Ызғар күнге қарамай...
Боранда да
Бір-бірімізді жоғалтпай
Жылу шашып жүрекпенен жүрекке
Жылытатын өмір деген белесте
Қалай бәрі өзгерді де басталды
Арамызда қашықтықтар тасталды
Сенің маған айтарыңда жоғалып
Көңіліңде өзге жанға ауғаны
Барлығында тастадымда оңбадым
Сірә қайта бұрынғыдай болмаспын
Шаңда басқан гитарам тұр бұрышта
Құмарланып домбырам тұр қуыста
Тастағанмен өткен шақтың барлығын
Жалғыз сені ұмытпағам шырағым
Тек мен емес барлығыда ғашық ау
Сендей жанға құмарланып қалатын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇