Өлеңдер ✍️

  26.02.2025
  76


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Сені күттім

Сені күтіп қанша күзді сарғайттым


Сені іздеп осы алаңды жаңарттым


Неге сонша сұлу сенің жанарың


Көз жасыңды көрген сәтте қиналдым


Жиналуда сенің қанша суретің


Тұр алаңдап менің мына жүрегім


Сонау алыс аймақтарда болғаның


Сені күтіп қанша күзді сарғайттым


Назданасың сыңғырлаған күлкіңмен


Жаным саған махаббаттым сезілген


Жасауратып қалам сені көргенде


Сағынғаннан амал барма өзімде


Алыс белден қарап тұрдың еркелеп


Бұл махаббат болатындай ертеден


Сені күтіп Айнам менде тоңбадым


Қақаған қыс өзің мені жылыттың 


Сағынумен өткізгенмін күздерді


Үміттенем сен келердей бір күні...


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу