Өлеңдер ✍️

  26.02.2025
  47


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Жүректер соқсын

Болашақта, қазірде, келместе


Кетермін мәңгі мен келмеске


Қосылмай кеткенім өзіңмен


Жанымды жегідей жемес пе?


 


Мұң қайғы толғандай жанарға


Мен сені көре алмайм жалғанда


Арамыз алыстап тым жырақ


Соңғы рет көрмеймін тағы да


 


Өткенде келерде ешқашан


Мен саған жақсы адам болмағам


Түсінген көтерген барлығын


Алғысым шексіз әрқашан


 


Азғана уақытқа үлгермей


Соңғы рет мұңайма күлімдей


Бәріміз барамыз сол жаққа


Жүректе сөнеді төгілмей


 


Жай ғана ертерек барамын


Терең көл теңізге батамын


Кеш мені мен әлі ақымақ


Болмасам өмірде шам-шырақ


 


Білмеймін қалай хабар аларсың


Бәлкім сен мұңайып қаларсың


Есіңе түсіріп барлығын


Сағынба мені қарағым...


 


Бәрі де бәрі де келместе


Сенде сол келместің бірінде


Жүректер тоқтамай соқсыншы


Ғашықтар қосылып өлгенше...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу