Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.02.2025
54

Ақ көбелек жіберем
Сүйе білсең қоштасуды білесің,
Жақсы көрсең қию керек сезгенсің.
Бірақ қалай мен өзіңді жіберем,
Ең жақыным мұңдасымда ол сенсің.
Құбылғанда әр сөздерден мінезің,
Сол мінезді менде жақсы білемін.
Еркелігің бір басыңа жетеді,
Мен сол үшін сені қатты сүйемін.
Қалай сені жіберемін өткенге,
Қалай енді ұмытады от кеуде.
Ақ көйлегің жасыл түске айналып,
Құшағыма еніп кетші сен келде.
Ақ қанатпен ұшып келгің қасыма,
Арамызда қашықтықтар мың дара.
Ақ көбелек айға бірге ұшайық,
Соңғы рет келбетіңе қарайық.
Сүйе білсем жіберуім керекпін,
Жақсы көрсем бақыт тілеу керекпін.
Қоштасатын уақыт келер сезгенмін,
Бірақ бұлай тез келерін білмеппін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇