Өлеңдер ✍️

  26.02.2025
  53


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Бұрымды едің Қаракөз

Бұрымды едің Қаракөз


Өзгеше едің мен үшін


Панам болғансың кезінде


Ұйқыңды бөліп мен үшін


Таңды зорға атырған


Жанымнан менің табылған


Сезімге ерік бергенде


Жанымда бірге қиналған


Ол жылдары Қаракөз...


Басқаша едің расында


Ақылың ойың жететін


Сұлулығыңның қасына


Танымайсың сен қазір


Дәл мендей сорлы пендені


Іздемейсің сен қазір...


Өмірді сүйген пендені


Көздеріңде от жалын


Өртейтін еді өзімді


Сенің көзің арқылы


Түсініп едім өмірді


Сенің сөзің арқылы


Шын сүйіп едім өмірді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу