Өлеңдер ✍️

  26.02.2025
  186


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Еске алғанда

Қырандарда бақылайды төбеден


Өз жемтігін қызғанады өзгеден


Асау тағдыр махаббатта кінә жоқ


Бар кінә тек өзімде шын сүйген 


 


Құбылғанда ай мен жұлдыз ағатын


Менде сол бір жұлдызбын-ау құлайтын


Өмір берген ағыстарға шыдамай


Терең теңіз әлі батып барамын


 


Еске алсам сол кездерді шынайы


Мен өзіме сыймай кетем мұңайып


Сене алмаспын әлі күнге көзіме


Көрген сені құшағында өзгеде


 


Ақ пен қара қатар келген өмірде


Қаяу түсер бәрі бітер көңілде


Менде сондай бір бейбақ жан екем


Сүйгеніне жете алмай кектенген


 


Жігіт жылайды қайғырады өкінет


Адамдарша көңіл күйін түсірет


Байқамаймын көзден жасым аққанын 


Еске алғанда қайта сені аппағым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу