Өлеңдер ✍️

  26.02.2025
  54


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Жасыл көйлек

Айналмашы мендегі естелікке,


Бітпесінші екеумізде көктем мүлде,


Қоштаспайық жолымыз басталғанда


Ұрыспайық іште ашу сақталғанда.


 


Сен киген жасыл көйлек жеке әлем


Басқа әлем өзімді таппай келем


Айналаға қарамай кел билейік


Біз екеуміз үнемі бірдей әлем


 


Қылықтыда қызықты ерке қыз-ай


Ешкім маған көңіл бөлмей бұрын бұлай


Сен киген жасыл көйлек жасыл арман,


Әр бөлшегі бір арманнан бастау алған.


 


Аяқталмай жыр дастан таусылмасын,


Екеуміздің сырларымыз сарқылмасын.


Түсініспей қалсақта болашақта,


Қойшы қалқам жаның мүлде қайғырмасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу