Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.02.2025
59

Сен түңілме
Ай мұңайып жоғалады біразға
Аспан жалғыз қалып қалар жырақта
Ақ көбелек сындырсада қанатын
Жорғалайды жүре алады қалайда
Жаңбыр болып төгілді ау көз жасың
Сен түңілсең өмір өтер қас қағым
Өз ойыңмен күресесің жүресің
Жалғыз өзің түр білдірмей күлерсің...
Сен түңілме уайымдама ештеңе
Мен бармын ғой ауыспайтын өзгеге
Өз-өзіңмен түсініспей қалғанда
Күрсінбеші жалғыз тек сен түңілме
Бәрі өтер бәрі бітер тағдырда
Бізде мәңгі жүре алмаймыз жалғанда
Айырбастап алсам сенің мұңыңды
Одан артық бақыт болмас ғұмырлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇