Өлеңдер ✍️

  26.02.2025
  72


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Қайтесің мендей жанды

Қалқам! 


Қайтесің мендей қара жанды.


Көрінгенге кететін көңілі ауып,


Барлығына жүретін өлең жазып


Өз сезімін әліде біле алмайтын


Қайтесің мендей таяз жанды


Там-тыраққа жүретін ойы кетіп


Бақытынан өмір бойы кеткен безіп


Бір сұлу жан мән беріп қарағанда 


Мың өлеңін арнайтын соған еріп


Болашақтың уайымы ойында жоқ


Ертеңгінің азығы қолында жоқ


Өлеңнің тұманынан көз ашпайтын


Сезімнің бұлағынан бас алмайтын


Тұрақсыздық тұрғыдан қарай алсаң 


Көресің жоғарыдан мендей адам


Өлеңімен жүретін өмір құрап


Өміріне өзі сенбей көңіл суып


Сен маған бауыр баспа қарамада


Уақытыңды бекерге жоғалтпада


Соққан желмен кетемін жоқ боламын


Музамның соңынан жоғаламын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу