Өлеңдер ✍️

  26.02.2025
  66


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Ай Сұлуы

Жұлдызым, жарқыраған, сымбаттым.


Айды көрсем есіме алып тұрамын,


Арман болған аққудайсың қымбаттым ,


Нәзік мүсін мөлдіреген жанарың.


 


Сен мені өзгерттің сезесіңбе?


Сезесіңбе көңілімнің күресінде,


Маған айтқан сөздерің қуаттаған,


Жүрегімде ойымда әлі есімде.


 


Көздеріміз тоғысқанда бір сәтте,


Қысыламыз осы бізге керекте.


Құшағыма қысқым келед өзіңді ,


Әттең бірақ кіре салмай жүрсің бе?


 


Мендегі сол жай ғана өлең арнау...


Өзіңді ойлаумен таңды жалғау,


Ақ көбелек ерекше бір күлгенің,


Маған қарап риза болып жүргенің.


 


Нәзік қолың сынатындай ұстасам,


Бұйраланған шаштарыңда толқыған,


Ақ қайыңдай иілген беліңде...


Тұла бойда бір мінің жоқ денеңде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу